Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 05.06.2017 № А-6/248 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген), облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 06.05.2016 № А-6/210 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № А-6/227 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4835 болып тіркелген, "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | С.Кулагин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А.Мамытбеков |
2015 жылғы 17 қараша
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № А-11/529 қаулысына 1-қосымша |
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 06.05.2016 № А-6/210 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері | Өлшем бірлігі | Бір бірліктің құнын арзандату пайызы | Бір бірлікке субсидиялар нормасы, теңге |
Отандық өндіріс тыңайтқыштары | ||||
1 | Аммофос (N-10%:P2О5-46%) | тонна | 50 | 62 500 |
2 | Аммиак селитрасы (N-34,4%) | тонна | 50 | 34 000 |
3 | Құрамында қоректі "МЭРС" микротыңайтқыштары" микроэлементтері бар ерітінділер | литр | 50 | 5 000 |
4 | Хлорлы калий (К2О5-42%; KCL-65%) | тонна | 50 | 105 000 |
5 | Күкірт қышқылды калий (калий сульфаты) тазартылған (К2 О5-50%) | тонна | 50 | 140 000 |
6 | Құрамында супрефосазот бар "Супрефос –NS" супрефосы (N-12%. P2O5-24%)+(Ca;Mg;SO3) | тонна | 50 | 64 000 |
7 | YaraLivaCalcinit (кальций нитраты) | тонна | 50 | 140 000 |
8 | Kristalon Cucumber 14-11-31 | тонна | 50 | 416 500 |
9 | Kristalon Special 18-18-18 | тонна | 50 | 355 500 |
10 | Kristalon Red 12-12-36 | тонна | 50 | 384 500 |
11 | Kristalon Yellow 13-40-13 | тонна | 50 | 398 000 |
12 | Суперфосфат (Р-19%;К2О-2%) | тонна | 50 | 32 500 |
13 | "Б" маркалы суперфосфат (Р-15%:К2О-2%) | тонна | 50 | 21 281 |
Шетелдік өндіріс тыңайтқыштары | ||||
14 | Карбамид (N-46,2%) | тонна | 30 | 34 500 |
15 | Аммоний сульфаты (N-21%) | тонна | 30 | 28 500 |
16 | 15:15:15 маркалы азотты-фосфорлы-калийлі тыңайтқыштар | тонна | 30 | 48 000 |
17 | Нитроаммофоска (N16:Р16:К16) | тонна | 30 | 54 000 |
18 | Аммиак селитрасы (N-34,4%) | тонна | 30 | 20 400 |
19 | Нутривант Плюс Дәнді дақылдарға арналған | килограмм | 30 | 900,0 |
20 | Нутривант Плюс Майлы дақылдарға арналған | килограмм | 30 | 900,0 |
21 | Нутривант Плюс Картопқа арналған | килограмм | 30 | 900,0 |
22 | Нутривант Плюс Күрішке арналған | килограмм | 30 | 900,0 |
23 | Нутривант Әмбебап | килограмм | 30 | 900,0 |
24 | Фертигрейн Старт (Fertigrain Start) | литр | 30 | 1 080 |
25 | Агрифул (Agriful) | литр | 30 | 993,6 |
26 | Агрифул антисоль (AgrifulAntisal) | литр | 30 | 972,0 |
27 | Фертигрейн Фолиар (Fertigrain Foliar) | литр | 30 | 1 080 |
28 | Текамин Макс (Tecamin Max) | литр | 30 | 993,6 |
29 | Текнокель Амино Микс (Technokel Amino Mix) | литр | 30 | 810,0 |
30 | Текнокель Амино Бор (Technokel Amino B) | литр | 30 | 853,2 |
31 | Текнофит (Tecnophyt PH) | литр | 30 | 1 058,4 |
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № А-11/529 қаулысына 2-қосымша |
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды жеткізушіден немесе шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) субсидиялардың нормалары
Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Ақмола облысы әкімдігінің 06.05.2016 № А-6/210 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.