"Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № А-11/529 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № А-6/210 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 мамырда № 5366 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № А-6/248 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 05.06.2017 № А-6/248 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген), Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № А-11/529 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5068 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 4 желтоқсанында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
      жоғарыда көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулының 2-қосымшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі С.Кулагин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А.Мамытбеков

      2016 жылғы 6 мамыр

  Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 6 мамырдағы
№ А-6/210 қаулысына
қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 қарашадағы
№ А-11/529 қаулысына
1-қосымша

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары


р/б

Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері

Өлшем бірлігі

Бір бірліктің құнын арзандату пайызы

Бір бірлікке субсидиялар нормасы, теңге

Отандық өндіріс тыңайтқыштары

1

Аммофос (N-10%:P2О5-46%)

тонна

50

62 500

2

Аммиак селитрасы (N-34,4%)

тонна

50

34 000

3

Құрамында қоректі "МЭРС" микротыңайтқыштары" микроэлементтері бар ерітінділер

литр

50

5 000

4

Хлорлы калий (К2О5-42%; KCL-65%)

тонна

50

105 000

5

Күкірт қышқылды калий (калий сульфаты) тазартылған (К2 О5-50%)

тонна

50

140 000

6

Құрамында супрефосазот бар "Супрефос –NS" супрефосы (N-12%. P2O5-24%)+(Ca;Mg;SO3)

тонна

50

64 000

7

YaraLivaCalcinit (кальций нитраты)

тонна

50

140 000

8

Kristalon Cucumber 14-11-31

тонна

50

416 500

9

Kristalon Special 18-18-18

тонна

50

355 500

10

Kristalon Red 12-12-36

тонна

50

384 500

11

Kristalon Yellow 13-40-13

тонна

50

398 000

12

Суперфосфат (Р-19%;К2О-2%)

тонна

50

32 500

13

"Б" маркалы суперфосфат (Р-15%:К2О-2%)

тонна

50

21 281

Шетелдік өндіріс тыңайтқыштары

14

Карбамид (N-46,2%)

тонна

30

34 500

15

Аммоний сульфаты (N-21%)

тонна

30

28 500

16

15:15:15 маркалы азотты-фосфорлы-калийлі тыңайтқыштар

тонна

30

48 000

17

Нитроаммофоска (N16:Р16:К16)

тонна

30

54 000

18

Аммиак селитрасы (N-34,4%)

тонна

30

20 400

19

Нутривант Плюс Дәнді дақылдарға арналған

килограмм

30

900,0

20

Нутривант Плюс Майлы дақылдарға арналған

килограмм

30

900,0

21

Нутривант Плюс Картопқа арналған

килограмм

30

900,0

22

Нутривант Плюс Күрішке арналған

килограмм

30

900,0

23

Нутривант Әмбебап

килограмм

30

900,0

24

Фертигрейн Старт (Fertigrain Start)

литр

30

1 080

25

Агрифул (Agriful)

литр

30

993,6

26

Агрифул антисоль (AgrifulAntisal)

литр

30

972,0

27

Фертигрейн Фолиар (Fertigrain Foliar)

литр

30

1 080

28

Текамин Макс (Tecamin Max)

литр

30

993,6

29

Текнокель Амино Микс (Technokel Amino Mix)

литр

30

810,0

30

Текнокель Амино Бор (Technokel Amino B)

литр

30

853,2

31

Текнофит (Tecnophyt PH)

литр

30

1 058,4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады