Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386 "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № А-2/220 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 ақпанда № 4660 болып тіркелді. Күші жойылды- Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 18.09.2017 № А-9/3497 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386 "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №-1-1-138 болып тіркелген, 2011 жылдың 2 наурызында "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Әміреноваға жүктелсін.

      Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е.Маржықпаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қалалық аймақтық
сайлау комиссиясының
төрайымы
М.М.Қалиева

      "____"________ 2015 жыл

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ А-2/220 қаулысына қосымша
  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 25 ақпандағы
№ А-2/386 қаулысына 2 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Елді мекеннің атауы

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

1.

Көкшетау қаласы

Е.Н.Әуелбеков көшесі, 177, Көкшетау қаласы білім бөлімінің "№ 16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

2.

Көкшетау қаласы

Васильковский мөлтек ауданы, 17, Көкшетау қаласы білім бөлімінің "№ 17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

3.

Көкшетау қаласы

Центральный мөлтек ауданы, 40, Көкшетау қаласы білім бөлімінің "№ 19 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

4.

Көкшетау қаласы

Станционный кенті, Юбилейная көшесі, 19/2, Көкшетау қаласы білім бөлімінің "№ 7 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады