Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-36/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4703 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешімі;
Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-36/3 "Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 29 наурыздағы № 6С-2/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5296 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 сәуірде "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Степногорск қалалық мәслихаты сессиясының төрайымы |
Н.Лощинская |
Степногорск қалалық мәслихат хатшысының міндетің атқарушы |
О.Джагпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Степногорск қаласының әкімдігі |