Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 27.03.2020 № 6С-49/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-36/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4703 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірдегі "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 қосымшасының 2 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.";
1 қосымшасының 16 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"16. Қатты отын шығыны айына бір шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерінде есепке алынады, алайда, отбасына жылына бес тонна көмірден аспауы керек. Отынның құнын есептеу үшін статистикалық деректерге сәйкес алдыңғы тоқсанда Ақмола облысы бойынша қалыптасқан орташа бағасы есепке алынады.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
В.Козейчук |
Қалалық мәслихаттың хатшысы |
Ғ.Көпеева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Степногорск қаласының әкімі |
Ә.Күмпекеев |