Степногорск қаласы бойынша 2015 жылғы субсидияларды алушылардың тiзiмiне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзiмдерiн және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзiмдерiн анықтау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № а-12/474 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қаңтарда № 5217 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген, Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес, және «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015 жылғы 04 маусымдағы №-341 қорытындысы негізінде, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Степногорск қаласы бойынша 2015 жылғы субсидияларды алушылардың тiзiмiне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзiмдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрінің оңтайлы себу мерзiмдерi қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуының бақылауын өзіме қалдырамын.
      3. Осы қаулының күші 2015 жылы 01 мамырынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Степногорск қаласының
      әкімі                                      Ә.Күмпекеев

Степногорск қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ а-12/474 қаулысына   
қосымша          

Степногорск қаласы бойынша 2015 жылғы субсидияларды алушылардың тiзiмiне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзiмдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi

№ р/р

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрi

Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері

Оңтайлы себу мерзiмдерi

1

Жаздық бидай

22 маусымынан бастап 15 шілде аралығында

12 мамырдан бастап 06 маусым аралығында

2

Жаздық арпа

22 маусымынан бастап 15 шілде аралығында

25 мамырдан бастап 07 маусым аралығында

3

Сұлы

22 маусымынан бастап 15 шілде аралығында

25 мамырдан бастап 07 маусым аралығында

4

Біржылдық шөптер

22 маусымынан бастап 15 шілде аралығында

10 мамырдан бастап 05 шілде аралығында

5

Ноқат

22 маусымынан бастап 15 шілде аралығында

07 мамырдан бастап 26 мамыр аралығында

6

Күнбағыс майтұқымы

22 маусымынан бастап 15 шілде аралығында

10 мамырдан бастап 31 мамыр аралығында

7

Күнбағыс сүрлемі

22 маусымынан бастап 15 шілде аралығында

10 мамырдан бастап 05 маусым аралығында

8

Мақсыр

22 маусымынан бастап 15 шілде аралығында

05 мамырдан бастап 18 мамыр аралығында

9

Зығыр

22 маусымынан бастап 15 шілде аралығында

18 мамырдан бастап 31 мамыр аралығында

10

Бұршақ шөптер мен көпжылдық дәндердің ерте көктемгі егісі

22 маусымынан бастап 15 шілде аралығында

01 мамырдан бастап 05 мамыр аралығында

11

Бұршақ шөптер мен көпжылдық дәндердің егісі

22 маусымынан бастап 15 шілде аралығында

05 мамырдан бастап 25 маусым аралығында

12

Картоп

22 маусымынан бастап 15 шілде аралығында

10 мамырдан бастап 10 маусым аралығында

13

Ашық жердегі көкөністер

22 маусымынан бастап 15 шілде аралығында

05 мамырдан бастап 10 маусым аралығында

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады