Ақкөл ауданында 2015 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарына, өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығына және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және себудің оңтайлы мерзімдеріне субсидия алуға өтінімдерді тапсыру мерзімдерін анықтау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № А-7/223 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 шілдеде № 4902 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 5)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығындылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, 2015 жылғы 2 маусымдағы «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 334 қорытындысына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, өсімдік шаруашылығының шығымдылығына және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарына және қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидия алуға өтінімдерді тапсыру мерзімдері анықталсын.
      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдері анықталсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В. Елисеевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы 2015 жылдың 01 мамырынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауданының әкімі                      Т.Едігенов

Ақкөл ауданы әкімдігінің   
2015 жылғы «13» шілде № А-7/223
қаулысына 1-қосымша     

2015 жылға Ақкөл ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді тапсыру мерзімдері

№ р/б

Дақылдар атауы

Өтінімдерді тапсыру мерзімдері

1.

Жаздық бидай

7 шілдеден бастап 31 шілде бойынша

2.

Жаздық арпа

7 шілдеден бастап 31 шілде бойынша

3.

Сұлы

7 шілдеден бастап 31 шілде бойынша

4.

Қарақұмық

7 шілдеден бастап 31 шілде бойынша

5.

Ас бұршақ

7 шілдеден бастап 31 шілде бойынша

6.

Жасымық

7 шілдеден бастап 31 шілде бойынша

7.

Нұт

7 шілдеден бастап 31 шілде бойынша

8.

Күнбағыс

7 шілдеден бастап 31 шілде бойынша

9.

Зығыр

7 шілдеден бастап 31 шілде бойынша

10.

Рапс

7 шілдеден бастап 31 шілде бойынша

11.

Қыша

7 шілдеден бастап 31 шілде бойынша

12.

Біржылдық шөптер

7 шілдеден бастап 31 шілде бойынша

13.

Сүр шөпке жүгерi

7 шілдеден бастап 31 шілде бойынша

14.

Суданның шөбі

7 шілдеден бастап 31 шілде бойынша

15.

Көпжылдық дәнді және бұршақ шөптердің көктемгі егісі

7 шілдеден бастап 31 шілде бойынша

16.

Картоп

7 шілдеден бастап 31 шілде бойынша

17.

Көкөністер

7 шілдеден бастап 31 шілде бойынша

Ақкөл ауданы әкімдігінің   
2015 жылғы «13» шілде № А-7/223
қаулысына 2-қосымша     

2015 жылға Ақкөл ауданы бойынша субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдері

№ р/б

Дақылдар атауы

Себу мерзімдері

1.

Жаздық бидай

12 мамырдан 05 маусымға дейін

2.

Жаздық арпа

25 мамырдан 07 маусымға дейін

3.

Сұлы

25 мамырдан 07 маусымға дейін

4.

Қарақұмық

18 мамырдан 30 мамырға дейін

5.

Ас бұршақ

17 мамырдан 31 мамырға дейін

6.

Жасымық

18 мамырдан 31 мамырға дейін

7.

Нұт

07 мамырдан 27 мамырға дейін

8.

Күнбағыс

10 мамырдан 01 маусымға дейін

9.

Зығыр

17 мамырдан 01 маусымға дейін

10.

Рапс

14 мамырдан 01 маусымға дейін

11.

Қыша

14 мамырдан 01 маусымға дейін

12.

Біржылдық шөптер

20 мамырдан 10 маусымға дейін

13

Сүр шөпке жүгерi

10 мамырдан 31 мамырға дейін

14

Суданның шөбі

20 мамырдан 10 маусымға дейін

15.

Көпжылдық дәнді және бұршақ шөптердің көктемгі егісі

01 мамырдан 15 шілдеге дейін

16.

Картоп

10 мамырдан 10 маусымға дейін

17.

Көкөністер

08 мамырдан 20 маусымға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады