РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қосымшаға сәйкес аумақтарда Аршалы ауданы Анар селолық округі Анар станциясының шекаралары (шегін) өзгертілсін және белгіленсін.
2. «Аршалы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер-есебі құжаттарына қажетті өзгерістерді енгізсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі Ж.Нұркенов
Аршалы аудандық
мәслихат сессиясының
төрағасы Ю.Сериков
Аршалы аудандық
мәслихатының хатшысы Ю.Сериков
Аршалы ауданы әкімдігінің
Аршалы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 04 наурыздағы
№ А-122 бірлескен қаулысына
және Аршалы аудандық
мәслихатының 2015 жылғы
04 наурыздағы № 39/9
шешіміне қосымша
Аршалы ауданының Анар селолық округі Анар станциясының жерлерінің экспликациясы
гектар
Жерлердің атауы |
Жалпы көлемі |
Құрылыс шеінде |
Темір жол көлігі жерлері |
Автожол астында |
Су астында |
Ауыл шаруашылығына алқаптары |
Басқалар |
|||
егістік |
шабындық |
жайылым |
Жайылым тұрғылықты жақсарту |
|||||||
Жерорналастыру жобаны әзірлеу кезінде Анар станциясының жерлерінің шекаралары (шегі) |
1546 |
- |
- |
- |
103,0 |
- |
- |
1360 |
295 |
83 |
Анар станциясының шекараларына (шегіне) қосылатын жерлердің көлемі |
788,75 |
195,13 |
48,36 |
28,88 |
36,85 |
- |
- |
314,46 |
- |
165,07 |
Жерорналастыру жобалау бойынша Анар станциясының жерлерінің шекаралары (шегі) |
2334,75 |
195.13 |
48,36 |
28,88 |
139,85 |
- |
- |
1674,46 |
295 |
248,07 |