Аршалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 04 наурыздағы № 39/3 "Аршалы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 тамыздағы № 44/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 қыркүйекте № 4970 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 8/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 22.09.2016 № 8/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аршалы аудандық мәслихатының "Аршалы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2015 жылғы 04 наурыздағы № 39/3 (Нормативтік кұкықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4701 тіркелген, 2015 жылғы 09 сәуірде аудандық "Аршалы айнасы" газетінде, 2015 жылғы 09 сәуірде аудандық "Вперед" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      қосымшадағы мемлекеттік тілде барлық мәтіндер бойынша "селосы", "селолық" сөздері "ауылы", "ауылдық" сөздеріне өзгертілсін;
      қосымшадағы орыс тілде барлық мәтіндер бойынша "аул", "аульный" сөздері "село", "сельский" сөздеріне өзгертілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
К.Үстенбеков
      Аудандық мәслихатының
хатшысы
Ю.Сериков

      КЕЛІСІЛДІ
      Аршалы ауданының әкімі Ж.Нұркенов

      2015 жыл 03 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады