Аршалы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 наурыздағы № 39/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 наурызда № 4701 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 8/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 22.09.2016 № 8/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Аршалы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Ю.Сериков
      Аудандық мәслихатының
хатшысы
Ю.Сериков

      КЕЛІСІЛДІ
      Аршалы ауданының әкімі Ж.Нұркенов

      2015 жыл 04 наурыз

  Аршалы аудандық
мәслихатының 2015 жылғы
04 наурыздағы № 39/3
шешіміне қосымша

Аршалы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 03.08.2015 № 44/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.


Елді мекендер атауы

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары орындары

1
Аршалы кенті
 
Аршалы кенті
Аудандық мәдениет үйі алдындағы алаң, Тәшенов көшесі, 47
2
Анар ауылдық округі
 
Анар станциясы
Қазақстан көшесіндегі 84 және 86 үй аралығындағы алаңқай
Донецкое ауылы
Әуезов көшесінің соңы
3
Жібек жолы ауылдық округі
 
Жібек жолы ауылы
Целинная көшесінің басы
Жалтыркөл ауылы
Сана би көшесінің басы
4
Ақбұлақ ауылдық округі
 
Ақбұлақ ауылы
Центральная көшесінің басы
Ақтасты ауылы
Наурыз көшесінің соңы
5
Бірсуат ауылдық округі
 
Бірсуат ауылы
Жеңіс көшесінің басы
6
Волгодонов ауылдық округі
 
Волгодоновка ауылы
Центральный көшесінің басы
Қойгелді ауылы
Жастар көшесінің басы
42 разъезді
Конституция көшесіндегі 10 "а" алаңқай
7
Арнасай ауылдық округі
 
Арнасай ауылы
Рождественский көшесінің соңы
Бабатай станциясы
Ғабит Мүсірепов көшесінің басы
8
Ижев ауылдық округі
 
Ижевское ауылы
Мир көшесінің басы
Шөптікөл станциясы
Сейфуллин көшесінің басы
9
Түрген ауылдық округі
 
Түрген ауылы
Жеңіс көшесінің басы
Красное озеро ауылы
Қызыл көшесінің басы
Родники ауылы
Озерная көшесінің басы
10
Константинов ауылдық округі
 
Константиновка ауылы
Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерге ескерткіш алдындағы алаң, Центральная көшесі, 49
Шортанды ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң, Центральная көшесі, 15
Белоярка ауылы
Аксенов көшесі 19 жері аумағындағы алаңқай
11
Бұлақсай ауылдық округі
 
Бұлақсай ауылы
Мәдениет үйі алдындағы орталық алаң
Қостомар ауылы
Конаев көшесінің басы
Ақжар ауылы
Әуезов көшесінің басы
12
Михайлов ауылдық округі
 
Михайловка ауылы
Мәдениет үйі алдындағы алаң, Абай көшесі, 15
Ольгинка ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң, Еңбек көшесі, 7
Николаевка ауылы
Ауылдық клуб алдындағы алаң, Новая көшесі, 12
13
Сараба ауылдық округі
 
Сараба ауылы
Абай көшесі ортасында
Сары-Оба станциясы
Бейбітшілік көшесінің басы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады