Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 03.07.2020 № 59/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Аршалы ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
2. Аршалы аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
"Аршалы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2015 жылғы 04 наурыздағы № 39/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4701 тіркелген, аудандық "Аршалы айнасы", "Вперед" газеттерінде 2015 жылғы 09 сәуірде жарияланған);
"Аршалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 04 наурыздағы № 39/3 "Аршалы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 03 тамыздағы № 44/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4970 тіркелген, аудандық "Аршалы айнасы", "Вперед" газеттерінде 2015 жылғы 29 қыркүейкте жарияланған).
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаты сессиясының төрайымы |
А.Козлова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Қ.Шедербеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Аршалы ауданының әкімі | А.Тайжанов |
2016 жылғы 22 қыркүйек
Аршалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 8/5 шешіміне қосымша |
Аршалы ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі
1. Аршалы кентінде жиналыстар, митингілер өткізу орындары белгіленсін:
1) Тәшенов көшесі, орталық алаңы;
2) Республика көшесі, саябақ алаңы.
2. Аршалы кентінде шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:
1) Республика және Тәшенов көшелерінің қиылысынан Тәшенов көшесі бойымен орталық алаңға дейін;
2) Митченко және Республика көшелерінің қиылысынан Республика көшесі бойымен саябақ алаңға дейін.
3. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу орындарында:
1) транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекі, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ жұрт алдындағы қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, сондай-ақ біреуге қатысты зәбір көрсетуге тарататын сөз сөйлеулерге жол берілмейді;
2) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, оларға ұқсас өнімдерді қолдануға.
4. Қоғамдық тәртіп пен пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
1) түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе айқын көрінбей тұруы қажет;
2) бір күнде және бір уақытта бір объектіде үштен аспайтын жеке дара пикеттерді өткізуге рұқсат етіледі.
5. Пикет өткізу кезінде:
1) пикет объектінің маңында тұруға, отыруға;
2) көрнекті үгіт құралдарын пайдалануға;
3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғалап айтуға рұқсат етіледі.
6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізуге рұқсат беруден Аршалы ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.