Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 70/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аршалы аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3801 тіркелген, 2013 жылдың 27 қыркүйекте аудандық "Аршалы айнасы" газетінде, 2013 жылдың 27 қыркүйекте аудандық "Вперед" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
2 бөлімінің 9 тармағының 7) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"7) ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардың ақы төлеу негізінде жоғары медициналық оқу орындарында күндізгі оқу сатысы бойынша оқитын студенттеріне оқу орнымен жасасқан келісімшарттың, аудан әкімі, студент және жұмыс берушінің арасында жасасқан келісімшарттың нотариалды куәландырған көшірмелерінің, көп баласы немесе аз қамтамысыз етілген отбасының мәртебесін растайтын анықтаманың және оқу орнынан берілген анықтаманың негізінде жылына бір рет жылдың оқу құны мөлшерінде оқуға төлеуге.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет депарментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Ю.Сериков |
Аудандық мәслихатының хатшысы |
Ю.Сериков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Аршалы ауданының әкімі | Ж.Нұркенов |
2015 жыл 11 қараша