«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылға 23 қантардағы Заңының 31 бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылға 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қоса берілген 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2.
Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Ш.Е.Бекмағанбетоваға жүктелсін.
2.1. Осы қаулының күші 2015 жылғы 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынасқа таратылады.
Ескерту. Қаулы 2.1.-тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 08.06.2015 № а-6/187 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3.
Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі |
А.Никишов |
Атбасар ауданы әкімдігінің |
|
2015 жылы 19. 01. № а-1/10 |
|
қаулысымен бекітілген |
2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының айына жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге) |
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге) |
||||
мемлекеттік |
жеке меншік |
мемлекеттік |
жеке меншік |
мемлекеттік |
жеке меншік |
мемлекеттік |
жеке меншік |
||
1 |
Балабақша |
500 |
0 |
21476 |
0 |
21476 |
0 |
9450-13000 |
0 |
2 |
Балалар толық күн болатың мектеп жанындағы шағын орталық |
497 |
0 |
13523 |
0 |
13523 |
0 |
9450-13000 |
0 |
3 |
Балалар жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық |
85 |
0 |
6762 |
0 |
6762 |
0 |
4725-6500 |
0 |