Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № а-1/10 "2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № а-6/187 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 шілдеде № 4851 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атбасар ауданы әкімдігінің «2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» 2015 жылғы 19 қаңтардағы № а-1/10 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4644 тіркелді, «Атбасар», «Простор» газеттерінде 2015 жылғы 22 ақпанда жарияланды) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
      қаулыны 2.1. тармақпен келесі тақырыпта толықтыру:
      «2.1. Осы қаулының күші 2015 жылғы 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынасқа таратылады.».
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі                    А.Никишов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады