2016 жылға Атбасар ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № а-11/378 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда № 5109 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № а-4/106 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 12.04.2016 № а-4/106 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, нысаналы топтар құрамына кіретін және әлеуметтік қорғауда неғұрлым мұқтаж тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсету мақсатында, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға Атбасар ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) алынып тасталды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 15.01.2016 № а-1/9 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
      2) көп уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
      3) отбасында бірде бір жұмыс істейтін адамдары жоқ тұлғалар;
      4) бұрын жұмыс істемеген тұлғалар;
      5) елу жастан зейнеткерлік жасқа дейін жеткен тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      6) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектері.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 15.01.2016 № а-1/9 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары А.В. Чириковқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Никишов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады