РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № а-11/378 "2016 жылға Атбасар ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5109 тіркелді, "Атбасар", "Простор" газеттерінде 2015 жылдың 18 желтоқсанында жарияланды) қаулысына келесідей өзгерту енгізілсін:
қаулының 1 тармағының 1 тармақшасы:
"1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жасты қоса алғанды" алынып тасталсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Никишов |