Астрахан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 126 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 118 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 маусымда № 4826 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 20.01.2016 № 8 (қол қойған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18 және 238 баптарына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 5С-41-4 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін келісу туралы» шешімінің негізінде, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астрахан ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 126 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4187 тіркелген, аудандық «Маяк» газетінде 2014 жылғы 6 маусымда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) қаулының атауы келесі редакцияда баяндалсын:
      «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
      2) қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
      3. Астрахан ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі                   Т.Ерсейітов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Астрахан аудандық
      мәслихатының хатшысы                       В.Собеский
      20.05.15 ж.

Астрахан ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «20» мамыр № 118
қаулысына қосымша    

Астрахан ауданы әкімдігінің
2014 жылғы «23» сәуірдегі
№ 126 қаулысына қосымша  

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы, мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысының оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлімі) кабинет) басшысы, кітапхана меңгерушісі;
      2) мамандар (бас, аға), соның ішінде; барлық мамандықтағы мұғалімдер, кітапханашы, жетекші, тәрбиеші, емдәм бикесі, зертханашы, шебер, медициналық бике, әдістемеші, музыкалық жетекші, оқытушы, психолог.
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары;
      2) меңгеруші, оның ішінде үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесі;
      3) мамандар (бас, аға), соның ішінде; күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары, бөлімше басшысы, кітапхана, клуб меңгерушісі;
      2) көркемдік жетекші, үйірме жетекшісі, музыкалық жетекші;
      3) мамандар (бас, аға), соның ішінде; аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, редактор, режиссер, барлық атаудағы суретшілер.
      4. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары;
      2) мамандар (бас, аға), оның ішінде; барлық мамандықтағы дәрігерлер, нұсқаушы, әдістемеші, медициналық бике, жаттықтырушы.
      5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары;
      2) бөлімше басшысы (сектор, бөлімше, филиал);
      3) мамандар (бас, аға), оның ішінде; мал дәрігері, мал фельдшері, эпизоотолог, техник.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады