Астрахан ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп есептеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 8 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдағы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астрахан ауданы әкімдігінің қаулысы күші жойылды деп есептелсін:
      Астрахан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 126 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4187 тіркелген, аудандық «Маяк» газетінде 2014 жылғы 6 маусымда жарияланған);
      Астрахан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 118 «Астрахан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 126 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4826 тіркелген, аудандық «Маяк» газетінде 2015 жылғы 26-3 мамырда- маусымда жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      Астрахан ауданының әкімі                   Т.Ерсейітов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады