Бұланды аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-34/7 "Бұланды ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 5С-38/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 мамырда № 4814 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 5С-45/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 17.02.2016 № 5С-45/6 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, 18 бабының 8, 9 тармағының "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұланды аудандық мәслихаттың "Бұланды ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-34/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4607 тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпанда "Бұланды таңы" газетінде және 2015 жылғы 6 ақпанда "Вести Бұланды жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18 бабының 8 тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Кезекті 38-сессияның
      төрағасы Т.Садвақасов
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Ш.Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Бұланды ауданының әкімі Қ.Испергенов
      28 сәуір 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады