Бұланды ауданы бойынша 2015 жылы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін анықтау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі № а-07/238 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 тамызда № 4942 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес, «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 315, қорытындысы негізінде, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бұланды ауданы бойынша 2015 жылы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері, қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Қ Смагулов жүктелсін.
      3. Осы қаулы 2015 жылғы 30 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі м.а                            О.Смағұлов

Бұланды ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «24» шілдедегі
№ а-07/238 қаулысына 
қосымша         

Бұланды ауданы бойынша 2015 жылы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

№ р/р

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері

Субсидия алуға өтінімдер беру мерзімдері

1

Жаздық бидай

15 мамырдан 05 маусымға дейін

Шілденің 17-нен 24- не дейін

2

Жаздық арпа

25 мамырдан 07 маусымға дейін

3

Сұлы

26 мамырдан 07 маусымға дейін

4

Жасыл массаға күздік қара бидай

10 тамыздан 25 тамызға дейін

5

Қарақұмық

18 мамырдан 30 мамырға дейін

6

Бұршақ

15 мамырдан 30 мамырға дейін

7

Жасымық

20 мамырдан 27 мамырға дейін

8

Күнбағыс

10 мамырдан 31 мамырға дейін

9

Зығыр

19 мамырдан 31 мамырға дейін

10

Рапс

15 мамырдан 31 мамырға дейін

11

Қыша

15 мамырдан 31 мамырға дейін

12

Азықтық тары, судан шөбі

20 мамырдан 10 маусымға дейін

13

Судан шөбі тұқымдыққа

15 мамырдан 25 мамырға дейін

14

Сүрлемге жүгерi

10 мамырдан 31 мамырға дейін

15

Көпжылдық дәнді және бұршақ шөптердің ерте көктемгі егісі

мүмкіндік болған жағдайда

30 сәуірге дейін егіске шығу

16

Көпжылдық дәнді және бұршақ шөптердің егісі

01 мамырдан 15 шілдеге дейін

17

Картоп

10 мамырдан 10 маусымға дейін

18

Ашық топырақтағы көкөністер

08 мамырдан 10 маусымға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады