РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына, тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2015 жылдың 22 шілдесіндегі қорытындысына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ерейментау қаласының Валериан Куйбышев көшесі Әлихан Барлыбаев көшесіне қайта аталсын.
2. Осы қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ерейментау ауданы әкімі Е.Нұғыманов
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Д.Иманбалинова
Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы Қ.Махметов