РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексі 238-бабының 3-тармағына және Ерейментау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 тамыздағы № 5С-40/3-15 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметкерлер болып табылатын, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарының лауазымдық тізімін келісу туралы" шешіміне сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Е.Әлжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е.Нұғыманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ерейментау аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Қ.Т.Махметов |
"27" 11 2015 жыл |
Ерейментау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "27" қараша № а-12/588 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:1) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) клуб меңгерушісі;
2) дыбыс жазба операторы;
3) музыка жетекшісі;
4) мәдениет ұйымдастырушысы;
5) үйірме жетекшісі;
6) әдістемеші;
7) кітапханашы.
3. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) әдістемеші.
4. Білім мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары;
2) барлық мамандықтағы мұғалімдері;
3) кітапханашы;
4) жетекші;
5) медециналық бике;
6) тәрбиеші;
7) тәрбиешінің көмекшісі;
8) музыкалық жетекші;
9) әдістемеші.