"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Ерейментау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № а-12/588 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № а-1/23 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Ерейментау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № а-12/588 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 5131 Тізілімінде тіркелген, "Ереймен" және "Ерейментау" аудандық газеттерінде 2016 жылғы 1 қаңтарда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Е.Әлжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е.Нұғыманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады