2016 жылға Еңбекшілдер ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № а-10/218 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қарашада № 5104 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № а-4/63 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 08.04.2016 № а-4/63 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға Еңбекшілдер ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер (бір жылдан артық).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Т.Ахметоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қантарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі А.Қиықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады