Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қарашадағы "2016 жылға Еңбекшілдер ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" № а-10/218 қаулысының күші жойылсын (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 5104, 2015 жылдың 18 желтоқсанында Еңбекшілдер ауданының "Жаңа дәуір – Сельская новь" № 116 газетінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.К.Аутеновке жуктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Қиықов |