Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 42/6 "Есіл ауданы ауылдық елді мекендерінің, Есіл қаласының жер учаскелеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 ақпандағы № 24/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 ақпанда № 6391 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 15/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 26.11.2021 № 15/3 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданы ауылдық елді мекендерінің, Есіл қаласының жер учаскелеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 42/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4816 тіркелген, 2015 жылғы 15 маусымда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      тақырыбында және барлық мәтін бойынша "базалық" сөзі алынып тасталсын;

      тақырыбында және барлық мәтін бойынша "жоғарылату", "төмендету", "жоғарылатылсын", "төмендетілсін", "ставкаларын" сөздері "арттыру", "азайту", "арттырылсын", "азайтылсын", "мөлшерлемелерін" сөздеріне ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Господарь
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Ағымбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Есіл ауданының
әкімі
Т.Ерсейітов

      2 ақпан 2018 жыл

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің Есіл
ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Ж.Ташенов

      2 ақпан 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады