Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 22/2 "Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 45/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қазанда № 5013 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 маусымдағы № 5/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 21.06.2016 № 5/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 23 тамыздағы № 22/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3815 тіркелген, 2013 жылғы 4 қазанда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
      10 тармақ келесі мазмұндағы санатпен толықтырылсын:
      "7) жылына бір рет оқу шығындарын өтеуге 100 пайыз мөлшерінде – жоғары медициналық оқу орындарында оқып жатқан, халықтың (отбасының) аз қамтылған, әлеуметтік-осал топтарындағы студенттерге.";
      14 тармақ келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      "Ауылдық жерде тұратын және арнайы орта оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқып жатқан аз қамтылған, көп балалы отбасылардағы студенттерге және жоғары медициналық оқу орындарында оқып жатқан, халықтың (отбасының) аз қамтылған, әлеуметтік-осал топтарындағы студенттерге әлеуметтік көмек өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынғанда беріледі:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
      3) оқу орннымен жасалған келісім шарт;
      4) оқу орнынан анықтама;
      5) көрсетілген санатқа жататындығын анықтайтын анықтама;
      6) жоғары оқу орындарында оқып жатқан студенттер үшін аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасындағы келісім шарт.".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы
С.Құдабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Есіл ауданының әкімі А.Қалжанов

      23 қыркүйек 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады