РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әлжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулы 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Ескерту. Қаулы 4-тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 17.07.2015 № А-7/214 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Жарқайың ауданының әкімі | А.Үйсімбаев |
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № А-2/21 қаулысымен бекітілген |
2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының айына жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге) | ||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||
1 | Балабақша | - | - | - | - |
2 | Балалар толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 200 | 0 | 13523 | 0 |
3 | Балалар жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 27 | 0 | 6762 | 0 |
кестенің жалғасы:
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге) | ||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік |
- | - | - | - |
13523 | 0 | 4000-5000 | 0 |
6762 | 0 | 2000 | 0 |