РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Занына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Жарқайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпанындағы № А-2/21 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4681 тіркелген, 2015 жылдың 10 наурыздағы аудандық "Жарқайың тынысы" және "Целинное знамя" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
келесі мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Осы қаулы 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әлжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі | А.Үйсімбаев |