РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес, және 2015 жылдың 17 маусымдағы № А-6/281 Ақмола облысы әкімдігінің «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғанған топырақта өндеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормаларын (1 гектарға) белгілеу туралы», «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 331 қорытындысы негізінде, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жақсы ауданы бойынша 2015 жылға арналған астық өнімділігін жоғарылату үшін субсидия алушыларға сұраным ұсыну мерзімін анықтау және жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық – материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп, шығындарының құнын субсидиялау және субсидия алушы ауыл шаруашылық тауар өндірушілер тізіміне қосу үшін және ауыл шаруашылық басым дақылдар субсидиялау егістін әр қолайлы ұсыну мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т.Жапаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулының күші 2015 жылғы 8 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Сүйіндіков
Жақсы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 07.07.
№ а-6/189 қаулысына
қосымша
Жақсы ауданы бойынша 2015 жылға арналған астық өнімділігін жоғарылату үшін субсидия алушыларға сұраным ұсыну мерзімін анықтау және жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық – материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп, шығындарының құнын субсидиялау және субсидия алушы ауыл шаруашылық тауар өндірушілер тізіміне қосу үшін және ауыл шаруашылық басым дақылдар субсидиялау егістін әр қолайлы ұсыну мерзімдері
№ п/п |
Ауыл шаруашылық басым дақылдар атауы |
Субсидия алу өтініштерін ұсыну мерзімі |
Ауыл шаруашылық дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері |
1. |
Дәнділер (жаздық бидай) |
11 мамырға дейін |
14 мамырдан 5 маусым |
2. |
Дәнділер (арпа) |
11 мамырға дейін |
18 мамырдан 7 маусым |
3. |
Дәнділер (сұлы) |
11 мамырға дейін |
25 мамырдан 7 маусым |
4. |
Дәнділер (қарақұмық) |
11 мамырға дейін |
18 мамырдан 30 мамыр |
5. |
Бұршақ дәнділер (асбұршақ) |
11 мамырға дейін |
18 мамырдан 31 мамыр |
6. |
Майлы дақылдар, соның ішінде: |
||
шашақты зығыр |
11 мамырға дейін |
17 мамырдан 31 мамыр |
|
қыша |
11 мамырға дейін |
14 мамырдан 31 мамыр |
|
7. |
Ашық топырақтағы картоп |
11 мамырға дейін |
10 мамырдан 10 маусым |
8. |
Ашық топырақтағы баубақша дақылдары |
11 мамырға дейін |
8 мамырдан 10 маусым |
9. |
Азықтықтар, соның ішінде: |
||
тары жемшөп, судан шөп |
11 мамырға дейін |
20 мамырдан 10 маусым |
|
судан шөп тұқымы |
11 мамырға дейін |
17 мамырдан 25 мамыр |
|
сүрлемге арналған бұршақ-сұлы қоспасы |
11 мамырға дейін |
5 мамырдан 10 шілде |
|
сүрлемге жүгері |
11 мамырға дейін |
10 мамырдан 31 мамыр |