РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зеренді ауданы әкімдігінің «2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» 2015 жылғы 12 ақпандағы № 91 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4689 болып тіркелген, 2015 жылдың 20 наурызында «Зерен» және «Зерделі Зеренді» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
3 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.»;
Осы қаулының қосымшасында:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны» жолындағы, «жеке меншік» бағаны «50» санымен толықтырылсын;
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге)» жолындағы, «жеке меншік» бағаны «21476» санымен толықтырылсын;
«Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)» жолындағы, «жеке меншік» бағаны «21476» санымен толықтырылсын;
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға ата-ананың ақы төлеу жоғарғы мөлшері (теңге)» жолындағы, «жеке меншік» бағаны «15 000» санымен толықтырылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Зеренді ауданының әкімі А.Мұратұлы