2015 жылға арналған Сандықтау ауданының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № А-2/31 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 наурызда № 4671 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға арналған Сандықтау ауданының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастар;
      2) қөп уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Горохводацкийге жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі Е.Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады