Қосшы ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қазанда № 5019 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Қосшы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосшы ауылының «Центральная» көшесі «Генерал Сабыр Рақымов» көшесіне қайта аталсын.
      2. Қосшы ауылының «Набережная» көшесі «Айтмағамбет Есмағамбетұлы» көшесіне қайта аталсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград ауданының
      Қосшы ауылдық округінің
      әкімі                                      Д.Калиев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Целиноград ауданының мәдениет және
      тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы                        А.Суюнжанова
      «21» 09 2015 жыл

      «Целиноград ауданының сәулет және
      қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы                        Ж.Нуркасымов
      «21» 09 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады