Целиноград ауданы Шалқар ауылдық округінің Шалқар ауылы елді мекенінің аумағындағы шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград ауданы Шалкар ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 ақпанда № 4646 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы Шалқар ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы Шалқар ауылдық округі әкімінің 20.07.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Занының 10-1 бабаның 7) тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданы мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бас инспекторының 2014 жылғы 8 желтоқсан № 01-16-945 ұсынысы негізінде, Шалқар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Целиноград ауданы Шалқар ауылдық округінің Шалқар ауылы елді мекенінің аумағындағы ұсақ қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауылдық
округінің әкімі:
Қ.Нығметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады