Целиноград ауданының Шалқар ауылдық округінің Шалқар ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Шалқар ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 тамызда № 6055 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2017 жылғы 9 маусымдағы № 01-34-115 ұсынуы бойынша Шалқар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград ауданының Шалқар ауылдық округінің Шалқар ауылы аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Целиноград ауданы Шалқар ауылдық округінің Шалқар ауылы елді мекенінің аумағындағы шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақмола облысы Целиноград ауданы Шалқар ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4646 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 ақпанда "Ақмол ақпараты", "Вести Акмола" аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауылдық
округінің әкімі
Қ.Нығметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады