Бурабай ауданының Щучинск қаласының, елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздарын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 5С-38/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 ақпанда № 4635 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 5С-51/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 15.01.2016 № 5С-51/3 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 31.03.2015 № 5С-41/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 387 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильдерге жанармай құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары осы шешімнің 123 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      ХХXVIІI (кезектен тыс)
      сессиясының төрағасы                       Қ.Шаяхметов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ө.Бейсенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Бурабай ауданының әкімі                    Т. Ташмағамбетов

Бурабай аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 06 қаңтардағы 
№ 5С-38/3 шешіміне    
1 қосымша         

Бурабай ауданының Щучинск қаласының жер учаскелеріне жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары

Аймақ №

Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары

Аймақтардың сипаттамасы

1

2

3

I

+50

Аймақ қаланың орталығында орналасқан. Келесі көшелермен шектелген: оңтүстігінде Ломоносов көшесімен, батысында Пугачев көшесімен, шығысында Қылшақты өзенімен. Солтүстігінде XI аймақпен шектеседі. Аймақ қаланың орталығы болып табылады, оның тұрғын массиві абаттандырылған және жеке тұрғын үйлерден тұрады. Бұл аймақтың басым бөлігінде әлеуметтік-мәдени тұрмыстық объектілері шоғырланған, дүкендер, дәріханалар, дәмханалар, мейрамханалар, қонақ үйлер, базар, мектеп, фотосалондар, мәдениет үйі, саябақ орналасқан, сондай-ақ мұнда әкімшілік ғимараттар – аудандық әкімдік, қалалық әкімдік, прокуратура, сот, әскери комиссариат, қазынашылық, мұрағат, халық банкінің филиалы орналасқан. Негізі және басты көшелері болып Әуезов көшесі мен Абылайхан көшесі табылады, осы көшелер мен оларға іргелес көшелер бойынша абаттандырылған үйлер орналасқан. Аймақ аумағының басым бөлігін жеке сектор алып отыр.

II

+40

Аймақ Щучинск қаласының орталығына жақын орналасқан. Оңтүстігінде Одесская көшесімен, солтүстігінде Ломоносов көшесімен және шығысында өзенмен шектеледі. Аймақ аумағында мектеп, стадион, отбасылық дәрігерлік амбулатория орналасқан. Абылайхан көшесі бойында абаттандырылған үйлер орналасқан. Әуезов көшесінде техникалық қызмет көрсету станциясы, көлік жуу, шағын маркет, дәмхана орналасқан. Аймақ сондай-ақ басым бөлігінде жеке сектормен қамтылған. Инженерлік желілер мен коммуникациялар жартылай өткізілген.

III

+20

Аймақ оңтүстігінде Рабочая көшесімен, шығысында Пугачев және Снежная көшелерімен, солтүстігінде Одесская көшесімен және ХIV аймақпен шектеледі, батыс жағынан ХIV аймақпен шектеседі. Аймақтың тұрғын массиві жеке сектордан тұрады.

IV

+30

Аймақ V аймақтың солтүстік жағында орналасқан және сәйкесінше аймақтың оңтүстік шекарасы темір жолмен өтеді. Батыс жағы айналу трассасымен шектелген, солтүстігінен аймақ шекарасы Одесская көшесі және Рабочая көшесімен өтеді, шығысында V аймақпен шектеседі. Аймақтың тұрғын секторының басым бөлігі жеке үйлерден тұрады. Батыс жағының бір бөлігін өндірістік объектер алып жатыр.

V

+10

Аймақ Щучинск қаласының оңтүстік шетінде орналасқан, жеке сектордан тұратын аумақ болып табылады. Инженерлік желілер мен коммуникациялар жоқ. Өндірістік объектілерден аумақта ет комбинаты, «Газтехнология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мұнай базасы, электрподстанция орналасқан. Солтүстік және шығысында темір жолмен шектеледі, оңтүстік және батысында шекарасы Щучинск қаласының шекарасына жетпейді және Астанаға барар трасса бойындағы жанармай құю станциялары аумаққа енбейді.

VI

+20

Аймақ қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік және солтүстік-шығысында IX аймақпен және Синегорская көшесімен, шығыс және оңтүстік-шығысында Степан Разин және Пугачев көшелерімен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Ломоносов көшесімен, батыс және солтүстік-батысында Светлая және Трудовая көшелерімен және өндірістік базаларға барар темір жолмен шектеледі. Аймақ негізгі бөлігінде жеке құрылыстан тұрады, өндірістік объектілер мен рекреациялық мәндегі объектілер де орналасқан.

VII

+30

Аймақ қаланың солтүстік-батыс шетінде орналасқан. Батыс және оңтүстік-батысында Көкшетау-Астана трассасымен, Осенняя көшесімен, солтүстік және солтүстік-шығысында темір жол бойындағы IX аймақпен, шығысында өндірістік базаларға барар темір жолмен, оңтүстігінде Амангелді көшесімен шектеледі. Аймақ өзінің негізгі бөлігінде жеке құрылыстан тұрады, сондай-ақ № 4 орта мектеп, дүкендер, өндірістік ғимараттар, жанармай құю станциялары, газ құю станциясы орналасқан.

VIII

+10

Аймақ қаланың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік, батыс және оңтүстік-батысында Щучинск қаласының әкімшілік шекарасымен, оңтүстік пен шығысында Көкшетау-Астана трассасымен және жағалаудағы IX аймақпен шектеледі. Аймақ басым бөлігінде рекреациялық және сауықтыру мақсатындағы объектілерден тұрады, сондай-ақ жол бойындағы қызмет көрсету объектілері, өртке қарсы бөлімі, жанармай құю станциялары, газ құю станциялары орналасқан.

IX

+30

Аймақ қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында Щучинск қаласының әкімшілік шекарасымен, оңтүстігінде Ботаническая, Профессиональная және Шоссейная көшелерімен, батысында шаңғы базасы мен гольфклубының аумағымен шектеледі. Аймақ жеке құрылыстан тұрады, сондай-ақ мектеп, дүкендер, қонақ үйлер, өндірістік объектілері орналасқан.

X

0

Аймақ қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік және солтүстік-шығысында XII аймақпен, шығысынан ХIII аймақпен және Бурабай кентіне айналып өту жолымен, оңтүстігінде V аймақпен, батысында I және II аймақтармен шектеледі. Аймақ дербес «Заречный» шағын ауданынан тұрады, құрылыстың басым бөлігі жеке. Инженерлік желілермен коммуникациялар жартылай өткізілген.

XI

+40

Аймақ Щучье көлінің жағалау аумағын алып жатыр. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шекараларында орналасқан, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және батысында I, VI, VII, VIII, IX аймақтарымен шектеледі. Аймақ рекреациялық және сауықтыру мақсатындағы объектілерінен тұрады, оған еркін экономикалық аймақ, «Щучинский» шипажайы, гольфклуб, «Қазақ орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орналасқан.

XII

+10

Аймақ Щучинск қаласының шығысында орналасқан. Шығысында Щучинск қаланың әкімшілік шекарасымен, оңтүстік және оңтүстік-батысында X және ХIII аймақтарымен, батысында I аймақпен, солтүстік және солтүстік-батысында IX және XI аймақтарымен шектеледі. Аймақ аумағында орталық аудандық аурухана, шаңғы базасы, емхана, спорт мектебі, «Көкшетау орман селекциясы орталығы» Республикалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жерлері орналасқан.

ХIII

-10

Аймақ қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батысында Щучинск қаласының әкімшілік шекарасы мен ХV аймақпен, батысында, солтүстік және солтүстік-шығысында V, X және XII аймақтармен шектеледі. Аймақ саяжай кооперативтерінің объектілерінен тұрады. Инженерлік желілер мен коммуникациялар жоқ.

ХIV

+10

Аймақ қаланың батыс бөлігінде орналасқан. Батысында Щучинск қаласының әкімшілік шекарасымен, солтүстік және солтүстік-шығысында VI және VII аймақтармен, шығыс және оңтүстік-шығысында Светлая және Одесская көшелері бойындағы II және III аймақтармен, оңтүстігінде IV және ХV аймақтармен шектеледі. Аймақ өндірістік объектілерінен тұрады. Басым бөлігінде жергілікті инженерлік желілер мен коммуникациялар жүргізілген.

ХV

-10

Аймақ қаланың оңтүстік және оңтүстік-шығыс шетінде орналасқан. Солтүстігінде Астана-Көкшетау трассасы мен бас жоспармен жобаланған автожол бойындағы ХIV, V, ХIII аймақтармен, шығысында, оңтүстік және батысында Щучинск қаланың әкімшілік шекарасымен шектеледі. Аймақ өндірістік объектілер мен ауылшаруашылық кәсіпорындарынан тұрады. Инженерлік желілер мен коммуникациялар жергілікті.

Бурабай аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 06 қаңтардағы 
№ 5С-38/3 шешіміне    
2 қосымша         

Бурабай ауданының елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 31.03.2015 № 5С-41/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Аймақ-тың №

Кадастрлық кварталдардың номірлері және елді мекендердің аталуы (округтер бойынша)

Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары

1

2

3

I

01-177-014, 015, 038

Бурабай кенті

+50

II

01-171-002

Кенесары ауылы (Кенесары ауылдық округі)

+50

III

01-171-010, 041

Қатаркөл ауылы (Қатаркөл ауылдық округі)

+50

IV

01-171-004, 042

Зеленый бор ауылы (Зеленобор ауылдық округі)

+50

V

01-171-001

Қызылағаш ауылы (Абылайхан ауылдық округі)

+50

VI

01-171-015

Оқжетпес ауылы (Бурабай кенті)

+50

VII

01-171-011

Атамекен ауылы (Атамекен ауылдық округі)

+40

VIII

01-171-003

Ақылбай ауылы (Абылайхан ауылдық округі)

+40

IX

01-171-004

Молбаза ауылы (Зеленобор ауылдық округі)

+40

X

01-171-012

Ұрымқай ауылы (Ұрымқай ауылдық округі)

+30

XI

01-171-008

Златополье ауылы (Златополье ауылдық округі)

+30

XII

01-171-010

Ключевое ауылы (Қатаркөл ауылдық округі)

+30

XIII

01-171-010

Сосновка ауылы (Қатаркөл ауылдық округі)

+30

XIV

01-171-015

Успеноюрьевка ауылы (Успеноюрьев ауылдық округі)

+20

XV

01-171-005

Наурызбай батыр ауылы

+20

XVI

01-171-010

Вишневое ауылы (Қатаркөл ауылдық округі)

+20

XVII

01-171-004

Қымызынай ауылы (Зеленобор ауылдық округі)

+20

XVIII

01-171-014

Веденовка ауылы (Веденов ауылдық округі)

+10

XIX

01-171-011

Жасыл ауылы (Атамекен ауылдық округі)

+10

XX

01-171-006

Мәдениет ауылы (Зеленобор ауылдық округі)

+10

XXI

01-171-011

Қаражар ауылы (Атамекен ауылдық округі)

+10

XXII

01-171-007

Баянбай ауылы (Кенесары ауылдық округі)

+10

XXIII

01-171-037

Сарыбұлақ ауылы (Бурабай кенті)

+10

XXIV

01-171-003

Озерное ауылы (Абылайхан ауылдық округі)

0

XXV

01-171-008

Савинка ауылы (Златополье ауылдық округі)

0

XXVI

01-171-009

Қарашілік ауылы (Ұрымқай ауылдық округі)

0

XXVII

01-171-001

Жаңа Қарабауыр ауылы (Абылайхан ауылдық округі)

0

XXVIII

01-171-011

Жаңажол ауылы (Атамекен ауылдық округі)

-10

XXIX

01-171-009

Красный кордон ауылы (Ұрымқай ауылдық округі)

-10

XXX

01-171-011

Жаркайың ауылы (Атамекен ауылдық округі)

-10

XXXI

01-171-008

Сотниковка ауылы (Златополье ауылдық округі)

-10

XXXII

01-171-011

Шиелі ауылы (Атамекен ауылдық округі)

-10

XXXIII

01-171-007

Брусиловка ауылы (Кенесары ауылдық округі)

-10

XXXIV

01-171-012

Дмитриевка ауылы (Ұрымқай ауылдық округі)

-10

XXXV

01-171-009

Көрнекті ауылы (Ұрымқай ауылдық округі)

-10

XXXVI

01-171-006

Жаңаталап ауылы (Зеленобор ауылдық округі)

-20

XXXVII

01-171-013

Первомай ауылы (Златополье ауылдық округі)

-20

XXXVIII

01-171-013

Лесной хутор ауылы (Златополье ауылдық округі)

-20

XXXIX

01-171-013

Түлкілі ауылы (Златополье ауылдық округі)

-20

XL

01-171-012

Күлстан ауылы (Ұрымқай ауылдық округі)

-20

XLI

01-171-012

Ынталы ауылы (Ұрымқай ауылдық округі)

-20

XLII

01-171-012

Кіндікқарағай ауылы (Ұрымқай ауылдық округі)

-20

XLIII

01-171-016

Николаевка ауылы (Успеноюрьев ауылдық округі)

-20

XLIV

01-171-015

Үлгіалған ауылы (Успеноюрьев ауылдық округі)

-30

XLV

01-171-015

Клинцы ауылы (Успеноюрьев ауылдық округі)

-30

XLVI

01-171-016

Райгородок ауылы (Успеноюрьев ауылдық округі)

-30

XLVII

01-171-013

Новоандреевка ауылы (Златополье ауылдық округі)

-30

XLVIII

01-711-015

Қарағай ауылы (Успеноюрьев ауылдық округі)

-30

XLIX

01-171-014

Жаңатуған ауылы (Веденов ауылдық округі)

-40

L

01-171-016

Қарабұлақ ауылы (Веденов ауылдық кругі)

-40

LI

01-171-014

Федосеевка ауылы (Веденов ауылдық кругі)

-50

Бурабай аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 06 қаңтардағы 
№ 5С-38/3 шешіміне    
3 қосымша         

Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары

      Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 31.03.2015 № 5С-41/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады