"Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № а-2/67 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 ақпанда № 4648 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № а-4/159 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 22.04.2016 № а-4/159 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 42 бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабына, "Бурабай ауданының басқару сызбасын бекіту туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 06 ақпандағы № 5С-39/3 шешіміне, "Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының құрылымы мен штат санын бекіту туралы" Бурабай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № а-5/228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Бурабай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 ақпандағы № а-2/64 қаулысына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ережені Ақмола облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б. Нұрпановаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Бурабай ауданының әкімі Т.Ташмағамбетов

  Бурабай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "06" 02а-2/67
қаулысымен бекітілген

"Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық хал актілерін тіркеу саласында басшылық етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелері бойынша, заңнамада белгіленген тәртіппен, "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды түлғаның тұрған жері: Қазақстан Республикасы, 021700, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Әуезов көшесі, 34.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел регистрации актов гражданского состояния Бурабайского района".
      11. Осы Ереже "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
      12. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет жүзеге асырылады.
      13. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік болып саналатын қызметтерді жүзеге асыру бойынша келісімге отыруға болмайды.
      "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңдық актілермен кіріс алып келетін жұмысты атқару рұқсат етілсе, онда ол қызметті іске асырудан түскен қаражат мемлекеттік бюджет қазынасына бағытталады.

2. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

      14. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру.
      15. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да міндеттер.
      16. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) тууды, өлімді, некеге (ерлі-зайыптылық) отыру мен некені бұзуды, асырап алуды, әкелікті белгілеу, атын, әкесінің атын, тегін, ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
      2) азаматтық хал актілерінің жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және күшін жою;
      3) жоғалған жазбаларды қалпына келтіру;
      4) азаматтық хал актілері жазбаларының көшірмелерін, анықтамалар, бастапқы және қайтадан куәліктер беру.
      17. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне мемлекеттік қызметтер көрсетуге қажетті ақпарат үшін сұрау салумен жүгінуге;
      2) "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің соттарда талапкер және жауапкер болуға құқығы бар;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтауға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

3. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылық етуді "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Бурабай ауданы әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

4. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеті

      20. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеті:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады;
      2) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      3) заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      4) заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      5) мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды;
      6) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      8) "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

5. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      21. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлк болуы мүмкін.
      "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен құрылады.
      22. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

6. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Бурабай ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады