Ақтөбе облысында спорттық– бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату Қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысының әкімінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 наурызда № 4261 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 29-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 81-ө "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкіміне сәйкес Ақтөбе облысының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату Қағидалары бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы шешімді "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Н.Есқалиевке жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Ақтөбе облысы әкімінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 3 шешімімен бекітілген

Ақтөбе облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату
Қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Ақтөбе облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Ақтөбе облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар (бұдан әрі - iс-шаралар) өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағида Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 81-ө "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкімін орындау мақсатында әзірленді.
      3. Осы Қағидада келесідей ұғымдар қолданылған:
      шыны ыдыс - ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларын сақтау және тасымалдау үшін қолданылатын шыны орама. Материалының металл, пластмасса және ағаш ыдыстардан айырмашылығы бар және әдетте кіші ауқымды ыдысқа жатады. Құрастырмалық қаттылығы мен жинау белгілері бойынша қатты және бөлшектенбейтін ыдыстар санатына жатады. Айналымға қатысы бір жолғы, сондай-ақ қайтарылмалы және көп айналымды болуы мүмкін;
      жарамдылық мерзімі – тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы процесстерінің (сатыларының) шарттары сақталып, ол аяқталғанша тамақ өнімдерін мақсаты бойынша пайдалану қауіпсіз деп саналатын кезең және содан кейін тамақ өнімі мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз;
      таңбалама – тұтынушыға ақпарат беретін және тамақ өнімдеріне түсірілген мәтін, тауарлық белгілері, шартты таңбалау мен суреттер, құжаттар, жадынамалар (қосалқы парақтар), этикеткалар, контрзаттаңбалар, кольереткалар, құлақшалар, жапсырмалар (стикерлер), тұтыну ыдыстары (бумагалар);
      сату – ақшалай түсім алумен жалғасатын немесе қайта сатылатын тауарлар мен қызметтерді сату.

2. Іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі

      4. Спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шараларды өткізу кезінде шыны ыдыстағы өнімдер тиісті мемлекеттік органдармен келісілген орындарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес сатылуы тиіс.
      5. Іс-шаралар өткізілетін орындарда:
      1) қайдан алынғанын, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарынсыз;
      2) тиісті таңбасы жоқ;
      3) ұсынылған ақпаратқа сәйкес болмаған кезде;
      4) сақтаудың температуралық және ылғалдық шарттарын сақтау үшін жағдай болмаған кезде;
      5) жарамдылық мерзімі көрсетілмеген немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда шыны ыдыстағы өнімдерді сатуға жол берілмейді.
      6. Іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдердің қорабын ашу объектіде тұтынушыға жіберер алдында жүргізіледі.
      7. Сусындар мен су құйылған шынылар, шырын құйылған шыны баллондар оларды ашудан бұрын ылғал, таза матамен сыртынан сүртілуі тиіс. Шыны ыдыстар тұтынушыға жіберуден бұрын үстелде ашылуы тиіс.
      8. Алкогольсіз сусындар мен шырындарды сатуда бір жолғы пайдаланылатын стақандар қолданылуы тиіс. Көп жолғы стақандарды пайдаланғанда оларды жуу сусындарды сату орындарында жүргізілуі тиіс. Жұмыс күні аяғында стақандарды жуу құралдарын қосып жуу және ыстық ағынды суға шаю қажет.
      9. Сусындарды құюға арналған таза ыдыстарды жаймада төңкерілген күйде сақтайды. Стақандарды шелекте, легенде жууға тыйым салынады.
      10. Ақтөбе облысы аумағында халық көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастырушылар өткізілетін шараның сипатын, техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық-гигиеналық нормаларды есепке ала отырып, сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету нысандарын орналастыру сызбасы болуын қамтамасыз ету қажет.
      11. Алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімінің 22.07.2015 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Қорытынды ережелер

      12. Алынып тасталды – Ақтөбе облысының әкімінің 22.07.2015 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады