"Ақтөбе облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату Қағидаларын бекіту туралы" облыс әкімінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысының әкімінің 2015 жылғы 22 шілдедегі № 11 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 тамызда № 4484 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 29, 37 - баптарына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Облыс әкімінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 3 "Ақтөбе облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4261 тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне (бұдан әрі - Қағидалар) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидаларда:
      11, 12-тармақтар алынып тасталсын.
      2. "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы шешімді "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А.Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады