Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы туралы" № 427 қаулысының 2 тармағы және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы "Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 427 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 28 қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б.Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2 қазандағы 2015 жылғы № 369 қаулысымен бекітілген |
"Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау
жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесіне сәйкес әзірленген және "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәртебесi мен өкiлеттiгiн анықтайды.2. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
3. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері болмайды.
4. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
6. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
7. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
9. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
10. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, 101 атқыштар бригадасы көшесі, № 2.
11. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
12. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
13. Осы Ереже "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстың бюджетінен жүзеге асырылады.
15. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер келетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау болып табылады.17. Мыналар "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері болып табылады:
1) мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын және жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.
18. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функцияларына мыналарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кіреді:
1) мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауын;
2) жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;
3) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;
4) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;
5) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;
6) жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;
7) жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
8) азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiш, хаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;
9) межелiк белгiлердiң сақталуына;
10) жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;
11) бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне;
12) жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;
13) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi.
Құзыреті:
1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
3) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
4) Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 148-бабының 1-тармағының 4 тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;
5) пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;
6) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру.
19. Құқықтары мен міндеттері:
Құқықтары:
1) кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
2) Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға;
3) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығаруға;
4) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге;
5) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеруге;
6) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
7) өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұруға;
8) мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алуға;
9) жерге құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұруға;
10) Қазақстан Республикасының заңдылықтарын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;
11) өз қызметін басқа да атқарушы билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттесе отырып атқаруға;
12) өз құзіреті шегінде мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарынан және басқада ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдарды бекітілген заң тәртібімен (сұраныс хаттар негізінде) алуға;
13) қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарттар жасасуға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды сатып алуға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда өз мүдделерін ұсынуға;
14) "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша облыс әкімі мен әкімдігі қабылдайтын нормативтік құқықтық актілер жобасына ұсыныстар енгізуге;
15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануды;
2) жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындауды;
3) өзінің құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуді;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруды.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
20. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.21. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
22. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
23. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
2) "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын және штат кестесін бекітеді;
3) "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады, оларға көтермелеу шаралары мен тәртіптік жаза қолданады;
4) "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін белгілейді;
5) өз құзыреті шегінде "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті тапсырмалар береді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
"Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
24. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
25. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.