"Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 356 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 қарашада № 4558 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 341 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 12.08.2016 № 341 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
01.10.2015 жылғы
№ 356 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің жойылуға жататын қаулыларының тізбесі

      1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 170 "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" ММ кейбір мәселелері туралы"" қаулысы;
      2) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 391 "Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 170 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы;
      3) Ақтөбе облыс әкімдігінің 2015 жылғы 06 ақпандағы № 38 "Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 391 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы.

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
01.10.2015 жылғы
№ 356 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

"Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды.
      "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тіл саясатын іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
      3. "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
      5. "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030010, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. "Ақтөбе облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      12. Осы Ереже "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      14. "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі миссиясы мемлекеттік және басқа да тілдерді қарқынды дамытуға бағытталған мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүзеге асыру болып табылады.
      16. Негізгі міндеттері:
      1) азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жағдай жасау;
      2) мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіру функцияларын кеңейту;
      3) этникалық диаспора өкілдерінің ана тілдерін үйренуіне және дамытуына қолдау көрсету болып табылады.
      17. Функциялары:
      1) мемлекеттік тіл саясатының тиімділігін арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы ұсыныстар әзірлейді;
      2) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын жүзеге асырады;
      2-1) деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      3) тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін, тіл саясатының Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
      3-1) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар бередi, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негiзде және тәртiппен әкiмшiлiк ықпал ету шараларын қолданады;
      3-2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi;
      4) Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қызметін және облыстағы ономастикалық жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады;
      5) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:
      1) Қазақстан Республикасы тілдер туралы заңнамаларының бұзушылықтарын жою жөнінде ұсынымдар беруге, тиісті органдарға Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамаларын бұзған кінәлі лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізуге;
      2) мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени - көпшілік іс-шараларды дайындау және өткізу мәселесі бойынша басқа мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл жасауға;
      3) тұрғындардың хаттары мен өтініштерін белгіленген тәртіппен қарауға;
      4) мемлекеттік органдар мен мекемелерден, ведомстволардан, кәсіпорындардан және лауазымды тұлғалардан құзыреті шегінде ақпараттарды алуға және сұратуға;
      5) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын одан әрі жетілдіру, мемлекеттік тіл саясатының тиімділігін арттыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
      "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын сақтау;
      2) өз құзыреті шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      20. "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын Ақтөбе облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауға дербес жауап береді;
      2) бөлімдердің ережелерін бекітеді, олардың қызметтері мен өкілеттіліктерін бекітеді;
      3) бөлім басшыларын, бас және жетекші мамандарды, мемлекеттік қызметші емес жұмысшыларды тағайындайды және босатады, мадақтау және оларға жазалау шараларын қолданады;
      4) "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және басқа мекемелер мен ұйымдарда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық соттарында "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін бiлдiредi;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар алады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауда жеке жауапкершілікте болады;
      6) "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметшілері үшін міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады;
      "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      25. "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі өкілетті органы "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" болып табылады.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады