Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 ақпанда № 10334 тіркелді

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                            Қ.Қасымов

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 45 бұйрығымен    
бекітілген      

Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидалары

      1. Осы Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақыларына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының (бұдан әрі – құтқарушы) өтілін есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Құтқарушының еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы алуға өтіліне:
      1) кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарындағы жұмыс істеген;
      2) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызмет және ішкі істер органдарында қызмет өткеру;
      3) кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының жолдамалары бойынша жұмыстан қол үзіп кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыған уақыты есептеледі.
      3. Қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдарға қызмет көрсететін, республикалық бюджет есебінен ұсталмайтын құтқарушыларға еңбек сіңірген жылдары үшін пайыздық үстемеақы алуға өтіліне азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бөлімшелері мен қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істеген уақыты қосылады.
      4. Өтілі, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес еңбек сіңірген жылдарына есептелетін уақыт күнтізбелік есептеумен ескеріледі.
      5. Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы алуға өтіліне қосу үшін құтқарушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өзінің еңбек қызметін растайтын тиісті құжаттарды тапсырады.
      6. Құтқарушылардың өтілін еңбек өтілін белгілейтін комиссия айқындайды, оның құрамын мемлекеттік мекеменің басшысы бекітеді. Құтқарушылардың өтілін белгілеу туралы комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен бекітіледі. Хаттама бір данада жасалады және құтқарушының жеке ісінде сақталады. Хаттама мен бұйрықты дайындауды кадр жұмысы қызметі жүзеге асырады.
      7. Құтқарушылардың өтілін айқындауға арналған негізгі құжат еңбек кітапшасы (ол болған кезде) немесе жеке еңбек келісімшарты не жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың көшірмелері, атқарған қызмет тізімі болып табылады. Қажетті жазба болмағанда немесе жұмыс істеген кезеңдері туралы дұрыс жазылмаған немесе дәл жазбалар болмаса, құтқарушылардың өтілін растауға анықтамалар, жеке шоттар және еңбекақы беру ведомосі және заңнамада көзделген жұмыс кезеңдері туралы мәліметтерді қамтитын өзге де құжаттар қабылданады. Құтқарушылар өтілін куәнің айғақтарымен растау заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады