1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің "2015 жылға Ақтөбе қаласы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 16 қаңтарында № 4151 болып тіркелген, 2015 жылдың 20 қаңтарында "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 3846 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.Арынғазиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е.Омаров |
Қала әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 990 қаулысына қосымша |
Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері
№ | Мекемелер атауы | Жұмыс және қызмет түрлері | Орындалатын жұмыс және қызмет көлемінің табиғи көрсеткіштері | Берілген сұраныс | Бекітілді | Қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері | Қаржыландыру көздері |
Жұмыс орнының саны | Жұмыс орнының саны | ||||||
1 | "Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Қарғалы, Ақжар, Ясный, Мағаджан ауылдарының көшелерін, контейнер алаңдарын, трасса бойын тазалау. Хаттар, хабарламалар тарату, халық санағы. Салық жинауға көмектесу. | 42,5 шақырым 4491 дана | 30 | 20 | Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген төменгі еңбек ақы | Жергілікті бюджет есебінен қаржыланды рылады |
2 | "Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | "Ақтөбе-Мәртөк" тас жолы аумағын жинау. Қурайлы, Георгиевка, Елек, Россовхоз, 39 бекет елді мекендерінің аумағын тазалауға көмектесу. | 32000 шаршы метр 78200 шаршы метр | 27 | 12 | | |
3 | "Ақтөбе қаласының Благодар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | К. Нокин, Садовое, Пригородное, Бекқұл баба, Қызылжар ауылдарының көшелерін жинастыру, қоқысты қолмен тиеу, қоқыс шығару. | 50900 шаршы метр | 40 | 22 | | |
4 | "Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Ауыл көшелерін тазалау. Ұлы Отан соғысы, Еңбек майданы мүгедектеріне және қатысушыларына, қарт адамдарға көмек көрсету. | 9333 шаршы метр | 15 | 8 | | |
5 | "Ақтөбе қаласының Новый ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Жаңақоныс және Кұрашасай елді мекендерінің көшелерін тазалау. Ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу және ветеринарлық қызметкерлерге малды тексеруге көмек көрсету. Трасса бойы аумағын жинау. Халық және мал санағын жүргізуге, аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік картасын жасауға көмектесу. Орман және дала өрттерін сөндіру жұмыстарына көмектесу. | 119400 шаршы метр Ірі қара мал 1741 Ұсақ мал 6917 16 шақырым 9558 отбасы | 46 | 10 | | |
6 | "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. Курьерлік жұмыс. | 10000 дана 5000 дана | 5 | 5 | | |
7 | "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. Курьерлік жұмыс. Ғимаратты тазалауға көмектесу. | 60000 дана 1969 шаршы метр | 25 | 25 | | |
8 | "Әлеуметтік жәрдем қалалық орталығы" мемлекеттік мекемесі | Ғимаратты тазалауға көмектесу. | 195,1 шаршы метр | 1 | 1 | | |
9 | "Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесі | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу, курьерлік жұмыс. Зейнеткерлік және әлеуметтік төлемдер құжаттарын қабылдау және тіркеу. | 42500 дана 38925 дана | 10 | 10 | | |
10 | "Ақтөбе облысының Әділет департаменті" мемлекеттік мекемесі | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу, мұрағаттық жұмыс. Хабарламаларды тарату. | 105716 дана 105000 дана | 45 | 35 | | |
11 | "Ақтөбе қаласының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу, мұрағаттық жұмыс. | 108000 дана | 15 | 10 | | |
12 | "Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу, мұрағаттық жұмыс. | 72000 дана | 15 | 15 | | |
13 | Ақтөбе облысының прокуратурасы | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. | 69000 дана | 15 | 12 | | |
14 | Ақтөбе қаласы ішкі істер басқармасы | Тұрғын үйлерде қоғамдық тәртіпті сақтау, пәтер ұрлықтары мен құқық бұзушылықтарға байланысты қылмыстарды анықтау, болдырмау және алдын-алу. Сарбаздар – ауылдық округтер мен мал базары ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау. Ақтөбе қаласы ішкі істер басқармасының көші-қон полициясы және оның бөлімшелерінің құжаттарын рәсімдеу. | 20 үй | 42 20 18 | 30 | | |
15 | "Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесі | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. Курьерлік жұмыс. | 38000 дана 50000 дана | 50 | 47 | | |
16 | "Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесі | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. | 38000 дана | 18 | 2 | | |
17 | "Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. Карточкамен жұмыс. Бақылау – өткізу пунктіндегі кезекшілік. | 10200 дана | 20 | 10 | | |
18 | "Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. Курьерлік жұмыс. Картотекамен жұмыс. Бақылау – өткізу пунктіндегі кезекшілік. | 90400 дана 35100 дана 8000 дана | 210 | 55 | | |
19 | "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. | 50000 дана | 8 | 7 | | |
20 | "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. | 1696 дана | 7 | 5 | | |
21 | "Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. | 10500 дана | 10 | 5 | | |
22 | "Нұр Отан" партиясы Ақтөбе облыстық филиалы | Аумақты жинауға көмектесу. | 200 шаршы метр | 4 | 2 | | |
23 | "Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. | 1500 дана | 1 | 1 | | |
24 | "Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. | 24000 дана | 6 | 6 | | |
25 | "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. | 18000 дана | 5 | 5 | | |
26 | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің Ақтөбе облыстық сотының кеңсесі | Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу. Курьерлік жұмыс. | 14000 дана 10000 дана | 25 | 20 | | |
| Барлығы: | | | 733 | 380 | | |
Жұмыс аптасының ұзақтығы екі демалыс күндерімен бес күн құрайды, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс бір сағат. Еңбегіне төленетін ақы жұмыс уақытын есепке алу табелінде көрсетілген нақты еңбек еткен уақытына, жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.