Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 1557 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 мамырда № 4330 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 3260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 22.08.2016 № 3260 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Уақытша жұмыс орындарын құру арқылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыз азаматтар үшін меншік түріне қарамастан жұмыс берушілерде жастар практикасы ұйымдастырылсын.
      2. Жастар практикасына жолданған адамдардың еңбекақысы жергілікті бюджет қаржысы есебінен айына он сегіз айлық есептік көрсеткіш көлемінде жүзеге асырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.А. Арынғазиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е.Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады