"Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 284 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 397 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 қаңтарда № 4725 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 116 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 15.12.2021 № 116 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 284 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4182 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қантарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      шешімінің кіріспесіндегі "және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 "Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын" бекіту туралы Қаулысына" сөздері "Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 болып тіркелген)" сөздеріне ауыстырылсын;
      жоғарыда көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
Ақтөбе қалалықмәслихатының хатшысы
      А. Болатов С. Шынтасова

  Ақтөбе қалалық мәслихатының
кезекті отыз жетінші
сессиясының 2015 жылғы 25
желтоқсандағы № 397 шешіміне
қосымша
  Ақтөбе қалалық мәслихатының
кезекті жиырма жетінші
сессиясының 2014 жылғы 23
желтоқсандағы № 284 шешіміне
қосымша

Нысан атауы

Есептеу бірлігі

Жүргізілген тексерулер бойынша коммуналдық жинақталу нормасы, м3

1

Жабдықталған тұрғын үйлер

1 тұрғын

2,01

Жабдықталмаған тұрғын үйлер

1 тұрғын

2,3

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері

1 орын

0,94

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

орын

1,1

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,5

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банкілері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,76

6

Емханалар

1 адам

0,17

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу - сауықтыру мекемелері

1 төсек - орын

1,35

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,28

9

Мейрамханалар, кафе, қоғамдық тамақтандыру мекемелері

1 орын

1,65

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 орын

0,49

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,09

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,13

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,11

14

Азық - түлік дүкендері

Сауда алаңы 1 м2

0,75

15

Машиналардан сату

Сауда орны 1 м2

0,75

16

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,75

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,75

18

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,37

19

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,37

20

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,2074

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,57

22

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

7,55

23

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,66

24

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина - орын

7,12

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,12

26

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,18

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,78

28

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,2074

29

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,86

30

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау)

1 жұмыс орны

0,86

31

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,82

32

Қаланың аумағында жаппай іс - шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,8

33

Бау - бақша кооперативтері

1 учаске

3,96


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады