Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 149 "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3851 тіркелген, 2014 жылғы 6 мамырда аудандық "Жұлдыз-Звезда газетінің № 21 жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы тоғызыншы абзацтағы "туберкулездің әр түрімен ауыратын азаматтар" сөздерінен кейін "амбулаторлық" деген сөзбен толықтырылсын;
және мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"үйден оқытылатын мүгедек балаларға оқу жылы мерзімінде, аудандық білім бөлімімен ұсынылған тізімдеріне сәйкес 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін".
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: |
Аудандық мәслихаттыңхатшысы: |
Қ. Нұрғалиев | А. Кайрушев |