1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 162 "2015 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4143 тіркелген, 2015 жылы 20 қаңтарда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің кіріспесіндегі "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" сөздері "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" сөздермен ауыстырылсын.
Көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі 1 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау-бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрайымы | В. МАШИНА |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | К. ҚОСАЯҚОВ |