Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ырғыз ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-аналардың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Шахинге жүктелсін.
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | М. ДУАНБЕКОВ |
Ырғыз ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 мамыр № 78 қаулысына қосымша |
Ырғыз ауданы бойынша 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналардың ақы төлеу мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 26.10.2015 № 164 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (аудан, ауыл) | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | ||||
Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар | Дербес толық күндік шағын-орталықтар | Дербес жарты күндік шағын-орталықтар | ||
1 | Ырғыз ауданы | 649 | | 370 | | |
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (аудан, ауыл) | Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда айына мөлшері (теңге) | |||||||||
Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар | Дербес толық күндік шағын-орталықтар | Дербес жарты күндік шағын-орталықтар | |||||||
Қала | Ауыл | Қала | Ауыл | Қала | Ауыл | Қала | Ауыл | Қала | Ауыл | ||
1 | Ырғыз ауданы | | 26118 | | | | 7455 | | | | |
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (аудан, ауыл) | Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың айына төлемақы мөлшері (теңге) | ||||
Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар | Дербес толық күндік шағын-орталықтар | Дербес жарты күндік шағын-орталықтар | ||
1 | Ырғыз ауданы | 400 | | | | |