Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8 және 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарғалы ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар, қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Ізтілеуге жүктелсін.
3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р.Сыдықов |
Аудан әкімдігінің | |
2015 жылғы "09" қазан | |
№ 337 қаулысына | |
ҚОСЫМША |
Қарғалы ауданы бойынша көшпелі сауданы
ұйымдастыруға арналған орындар
№ | Елді мекен атауы | Сауда орны | Орын саны |
Әлімбет селолық округі | |||
1 | Әлімбет ауылы | Қазақстан көшесі № 66 ("Анжелика" кафесі жанында) | 1 |
Ащылысай ауылдық округі | |||
2 | Ащылысай ауылы | Г.Каструбин алаңы | 1 |
Велихов селолық округі | |||
3 | Велиховка ауылы | Орталық көшесі 24 (ауылдық клуб жанында) | 1 |
4 | Ақжайык ауылы | Бауыржан Момышұлы көшесі № 55 (Херсон негізгі мектебінің жанында) | 1 |
Желтау селолық округі | |||
5 | Петропавловка ауылы | Д.Қонаев көшесі ("Пошта" мен "Юбилейный" дүкенінің жанында) | 1 |
6 | Ш.Қалдаяқов ауылы | Абылайхан көшесі №1, ("Нұрсұлу" дүкені мен "Пацаева"ЖШС жанында) | 1 |
Кемпірсай ауылдық округі | |||
7 | Жосалы ауылы | Тың жер көшесі (Жосалы ауылдық клубының алдындағы алаң) | 1 |
Қос Естек ауылдық округі | |||
8 | Қос-Естек ауылы | Абай көшесі ("Юля" дүкенінің жанында) | 1 |
Степной селолық округі | |||
9 | Степной ауылы | Д.Қонаев көшесі ( "Арзан" дүкенінің алдында) | 1 |
Бадамша ауылдық округі | |||
10 | Бадамша ауылы | Пацаев көшесі №3 "в" ("Нұр Отан" ғимаратының алдындағы алаң) | 1 |