Қобда ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй–жайларды беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 260 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қарашада № 4599 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 20.05.2019 № 103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қобда ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар қосымшаға сәйкес берілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Елеусіноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жүсібалиев
      Келісілді:
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы
Р.Жолдыбаева

  Кобда ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 29 қазандағы
№ 260 қаулысына қосымша

Қобда ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй - жайлар

Ауылдық округінің атауы

Сайлаушылармен кездесу үшін үй - жайлар

1

Ақрап

Ақрап ауылында Тәуелсіздік көшесі, 35 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ақырап ауылдық клуб ғимаратында

2

Бегалы

Калиновка ауылында Қазақстан көшесі, 82 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Калиновка ауылдық клуб ғимаратында

3

Бестау

Бестау ауылында Астана көшесі, 15 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Бестау ауылдық клуб ғимаратында

4

Бұлақ

Әлия ауылында Жастар көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Әлия ауылдық Мәдениет үйі ғимаратында

Талдысай ауылында Ә. Молдағұлова көшесі, 5 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Талдысай орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Бұлақ ауылында Жастар көшесі, 15 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Бұлақ негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

5

И.Білтабанов атындағы

И.Білтабанов атындағы ауылында Астана көшесі, 40 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің И.Білтабан ауылдық клуб ғимаратында

Қосөткел ауылында Абай көшесі, 32 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Қосөткел негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Байтақ ауылында Бейбітшілік көшесі, 6 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Байтақ бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

6

Жарық

Жарық ауылында Астана көшесі, 7 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Жарық ауылдық клуб ғимаратында

Қанай ауылында К.Бекеев көшесі, 12 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Жарық негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

7

Жарсай

Жарсай ауылында Калинина көшесі, 36 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Жарсай ауылдық клуб ғимаратында

Қарағанды ауылында Желтоқсан көшесі, 19 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қарағанды ауылдық клуб ғимаратында

Ақсай ауылында Астана көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Ақсай негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

8

Жиренқопа

Жиренқопа ауылында Ардагер көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Жиренқопа ауылдық клуб ғимаратында

9

Жаңаталап

Жаңаталап ауылында И.Пятковский көшесі, 19 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Жаңаталап орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

10

Исатай

Жарсай ауылында Астана көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қиил ауылдық клуб ғимаратында

11

Қобда

Қобда ауылында И.Колесников көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Қобда ауылында Ы.Алтынсарин көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Қобда көпсалалық колледжі" ғимаратында

12

Құрсай

Құрсай ауылында Ә.Молдағұлова көшесі, 42 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Құрсай ауылдық клуб ғимаратында

13

Қызылжар

Қызылжар ауылында С.Сейфуллин көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қызылжар ауылдық клуб ғимаратында

Қаракемер ауылында Тәуелсіздік көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қаракемер ауылдық клуб ғимаратында

14

И.Құрманов атындағы

Егіндібұлақ ауылында Тәуелсіздік көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "И.Құрманов атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Бегалы ауылында Абай көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Бегалы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

15

Өтек

Өтек ауылында Астана көшесі 52, мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Өтек орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

16

Сарбұлақ

Сарбұлақ ауылында Жастар көшесі, 8 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Сарбұлақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

17

Сөгәлі

Көгалы ауылында Қобланды батыр көшесі, 15 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Қобланды негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Көк үй ауылында Абылайхан көшесі, 21 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Қазақстан 15 жылдық атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

18

Терісаққан

Терісаққан ауылында Желтоқсан көшесі, 27 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Терісаққан ауылдық клуб ғимаратында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады